Пятница, 03.05.2024, 06:50
Приветствую Вас Гость | RSS

Бала - көздің нұры, өмірдің гүлі

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 134
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Ұлылардан ұлағат

Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез

Абай және халық ағарту ісі
Ұлы ақын жас ұрпақты
имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды.

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге...
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз..., -

деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуга, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті суюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
 
                           
Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді.
 
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! 
Сиса көйлек үстіңде
Оқуменен табылған
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

Форма входа

Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz