Пятница, 03.05.2024, 09:26
Приветствую Вас Гость | RSS

Бала - көздің нұры, өмірдің гүлі

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 134
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Шығармашылық ізденістер

Бұл бетті шығармашылық тақырыптарымның
біріне арнаймын.
 
"Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды
қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр.”
Н.Ә.Назарбаев
"ЕЛБАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ
ЖОЛДАУЛАРЫНДАҒЫ
БАСТЫ ИДЕЯЛАР"

Республикалық конференция
Оқушылардың өзіндік іздену және шығармашылық
жұмысын дамыту
Атырау қаласы
Абай атындағы №15 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ізбәмбетова Гүлнар Нәженқызы
    Бүгінгі күні оқушылардың өзіндік ізденісін ұйымдастыру жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Оларды кез келген тақырып қызықтырады, тек іздену жұмыстарын үйлестіруге педагог қауым тарапынан жауапкершілік болса жеткілікті. 
    Тіпті азан шақырып қойған аттарының қалай қойылғаны немесе қандай ұғыммен байланысты деген ойдың өзі көп мазалайды. Мәселен, алғаш жүздесіп отырған оқушыларыңның фамилиясын білгеннен кейн, біреулері: Равиль, Эльдар, Эрик, Артурмын десе, тағы бір сәтте – Альбина, Арина, Анеля деп нәзік те үзіле сызылған қара көз сіңлілерімізге қарай отырып, апырым – ай, осы балалар заманына сай сәнді деп осылай қойылған өз аттарына қаншалықты риза болғанындай, соншалықты осы аттарының түп мағынасына ой жүгірте ме екен дейсің. Әрине, заман ағымына қарай қойылған аттардың өздеріне тән ерекшелігі жөнінде ізденеді. Ал Ақтоты, Ботакөз, Мағжандар туралы тамаша зерттеулер жазылуы мүмкін. Бірде, мен оныншы сынып оқушыларына жазылатын жазба жұмысын оқып бердім. А.Сейдімбековтен алынған бұл үзіндіден қазір де 2-3 сөйлем оқи кетейін.
«Таң алдындағы алагеуім тымық шақта Бүркіттінің жақпар тсты биіктері өзгеше зорайып, абажадай болып шөгіп жатыр. Батыс жақ бетінің ұңғыл-шұңғылын үрінді қар тегістей жапқан». Үзінді түгелдей оқылып болғаннан кейін, тыңдаушы оқушыларымның айтқан алғашқы ұсынысы: «Апай, басқасын жазсақ бола ма? Мынау мәтінде қай-қайдағы қиын сөздер көп екен».
Ия, көп – ақ. Бірақ қиын сөздер емес. Бір кездері атам мен анамның аузынан талай естіген халқымның киелі де орынды сөздері, әдемі сөздері, дәл тауып айтылған айшықты сөздері, ендігі жастарым өгейсітіп отырған, керексіз деп адасқан «келеңсіз» сөздері. Ал енді құр өкініш пен кірбіңнен не шығады? Дұрысы – білекті сыбанып, «ештен де кеш жаксы» деп жұмысқа кірісу. Өзім дәріс беріп жүрген ана тілі біріншіден, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және барша ілімдердің іргетасы. Өйткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіретін осы пән.
Екіншіден, тіл әдебиеті – дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамытудың, шығармашылыққа баулудың қажетті құралы. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасымен байланысты.
Тіліміз мемлекеттік дәрежеге көтеріліп отырған тұста жаңа бағдарлама бүкіл оқу орындарының алдына қазақ тілін жан-жақты мңгерту, көркем-әдеби тіл нормаларын терң игерген жастарды тәрбиелеп шығару міндетін қойып отыр. Бұл міндетті іс жүзіне асыруда сыныптық сабақтың шешуші рөл атқаратындығы белгілі. Дегенмен де, оқушылардың өздігінен ізденіп, білімін толықтыруда, сапалы білім, саналы ой қалыптастыруда қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік болмаған жағдайда да, тәжірибелі ұстаздар кейбір қызықты да қажетті деректер мен тапсырмаларды «тіл дамыту» сабақтарымен байланыстыра беріп отырса, оның артықшылығы болмас еді. 
Өз тәжірибемде оқушылардың тіл байлығын дамытып, кей мәселелерге байыппен қарап, туған өлкесіне, өткен тарихына, ана тіліне деген сүйіспеншілігн арттыру мақсатында «тіл дамыту» , «тіл ұстарту» сабақтарында төмендегідей тақырыптарды енгізіп, тапсырмалар беру – олардың жалпы пәнге қызығушылығын да арттыра түсетіндігіне дәлел болды. 1. Топономикалық ізденістер.
2. Географиялық атаулар қалай пайда болған?
3. Қалалар неге бұлай аталған?
4. Туған өлке атаулары.
5. Жер-су атаулары
6. Апта аттарының этимологиясы.
7. Тіл байлығы.
8. Сөз сырлары.
9. Есімдер сыры.
10. Жануарлар атауы.
11. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы кейбір жер-су аттарына берілген дәлелдемелер.
Бұл тізбекті жалғастыра беруге болады. Дәлелді ізденістер нәтижелері мен осы тәріздес сұрақтар төңірегінде өрбіген бір-екі сабақтан кейін білсем деген ынталы оқушылардың ортасы кеңейе түседі. Өз тәжірибемде алғашында балаларға таңдаған тақырыптары бойынша бағыт-бағдар, көмекші әдебиеттер тізімін беріп жүрдім. Бара-бара оқушы қызықты тақырып, түрлі жаңа ақпараттар, қажетті әдебиеттер тізімін қарша боратып ортаға салып жатқанда, ұстаз еңбегінің осы тұстағы шарықтау шегі кемерінен тасып жатады.
Өз сөзімнің дәлелі ретінде кейбір сөзге түсінік бере отырып, бір сұраққа тоқталып өтсем.
«Топономика» деген сөз екі түбірден құралған: топ (грекше топос – орын), оним (грекше онима – аты). Яғни топономика дегеніміз – географикалық атаулардың және олардың шығуы туралы ілім. Жергілікті жер-су, тау-тас, елді мекен атаулары қазақ тілі сөздік қорының құрамдас бөлігі болғандықтан, олардың қыр-сырын айқындау ана тіліміздің көкжиегін кеңейту болып табылады.
Осы ізденістердің нәтижесінде бала түгіл өзіміздің карта бетінен күнде көріп, оңай тауып жүрген жер-су атауларының неге бұлай аталу себебімен ғана танысып қоймай, өзіміздің білім шеңберіміз бен эрудициямызды тағы да кеңейте түсеміз.
Мысалы, Қоңырат туралы не білеміз?
Өте ертеде Арқада Қайсар деген жігіт өтіпті. Бай жылқысының соңында жүрген Қайсардың жастайынан көргені қорлық пен зомбылық. Жылқыны тастап кетіп қалайын десе, қолында жалғыз қоңыр атынан басқа күн көрерлік малы жоқ. Қайсардың қоңыр аты сол маңайда алдына жылқы салмаған, өрен жүйрік екен. Бір күні байдың тепкісіне шыдамаған Қайсар одан өш алу үшін үйірлі жылқыны алып қашады. Байдың еңбексіз тапқан малын аяқ жетер жердегі сіңірі шыққан кедейлерге таратып береді. Жылқысынан айрылған бай қарап жатсын ба? «Аттан!» салып жігітті қуып береді. Бірақ жүйрік қоңыр ат соңына түскен қуғыншылардың біріне де шалдырмайды. Иесін талай қысылтаяңнан аман алып шығады. Бай ақыры ұстатпай қойған соң, жігіттің алды-артын қамап, нелер сәйгүліктермен қос аттап қуғызады. Талайдың аты зорығып, азынаған шөлде өкпесі өшіп қалып қояды. Қайсар сол шалдырмаған бойы Балқаш көліне қарай шығып кетеді. Әлдеқашаннан таныс жалғыз шоқы көрінеді. Оның ар жағында Балқаш та алыс емес. Жол бойында ат шалдырып, тынығып алса, ар жағын көре жатар еді. Бірақ амал не, бірнеше күн үдере шапқан қоңыр ат шоқыға жеткенде, сенделіп барып омақаса құлайды. Әбден зорыққан жануар аяғын бір-ақ серпіп, жан тапсырады. Өмірінде көзіне жас алып көрмеген ер жігіт еңіреп қоя береді. Содан бері шоқы «Қоңырат» аталып кеткен. Қазір Қоңырат – Қазақстандағы аса ірі мыс кен орнының бірі. (Ә Бірмағанбетов. «Бұлай деп неге атаймыз?» А., 1971).
Оқушыларымның өзіндік ізденушілігінен, жан-жақты қызығушылығынан туындаған «Дүние бөліктерінің атаулары, жер-су аттарына саяхат», «Есімдер сыры», «Тіл байлығы» атты баяндамалары (дайындағандар: 9-сынып оқушылары – Қапизова Жұлдыз, Бақтыбаева Ғалия, Мұстафина Альбина) оқушылар конференциясында бала түгілі ұстаздардың да көңілінен шығып, қызығушылық танытты.
Бүгінгі таңда жеткіншек ұрпақты өз бетінше ізденіп, білімін толықтыруға талпындыру, көрген-білгенінен тұжырымды ой түйіп, қорытынды жасауға дағдыландыру – мектептің басты міндеті болып отыр.
Қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Бүгінгі қоғам барған сайын күрделене түсіп, өз талабын алға тартуда. Ендеше сол сұранымдар мен талапқа жауап бере алатын жақсы азамат тәрбиелеу жолында, мамандық атаулының барлығы бала бойына бейімділік пен ептілікті ғана сіңіріп қоймай, осы қасиеттерді дұрыс та керекті бағытына шығармашылықпен бұра білуді мақсат етуі керек.
Мұғалім өз тарапынан оқушылардың өзіндік іздену жұмыстарының талапқа сай аяқтап шығуының тиімді әдіс-тәсілдерін үйретіп, бағыт-бағдар беріп отырса, ешбір күш жұмсамай көшіре салатын жаттығулардан гөрі, осы айтылған жұмыстардың қосымша жүргізілуінің пайдасы болмаса, зияны болмас деп ойлаймын. 


 
 


23.10.2012ж. Менің бүгінгі жетістігім: Республикалық шығарма сайысынан жүлделі үшінші орынға ие болдым!


Форма входа

Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz