Пятница, 03.05.2024, 07:50
Приветствую Вас Гость | RSS

Бала - көздің нұры, өмірдің гүлі

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 134
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың ҚР Үкіметі отырысында сөйлеген сөзі, Астана қ., 2012 жы

11.09.2012

ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың «Оқушылардың функ­ционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлт­тық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы» мәселе бойынша ҚР Үкіметі отырысында сөйлеген сөзі, Астана қ., 2012 жылғы 11 қыркүйек

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

1-слайд
Елбасының тапсырмасы бойынша Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асыруда  маңызды механизмдердің бірі.
Аталған механизмдер Қазақстан халқына Жолдауында, жаңа Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында, жақында ғана Назарбаев Университетінде өткен дәрісінде және басқа да сөйлеген сөздерінде айтылған.
Олар өз нәтижесін бере бастады.
Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған әлем елдерінің бәсекеге қабілетті рейтингісіндегі соңғы нәтижелер – осылардың айқын көрінісі.
Қазақстан бірден 21 орынға жоғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған жоқ.
Осы орайда білім және ғылым саласы ауқымды үлес қосты. Өзіне қатысты 14 индикатордың 11-і бойынша айқын өсімге қол жеткізді. 
Әсіресе, мынадай позицияларда көрсеткішіміз өте жоғары: «Университеттер мен бизнестің ынтымақтастығы» көрсеткіші бойынша – 29 орынға жоғары көтерілген. «Персоналдың біліктілігін арттыру» бойынша – 24 орынға, «Шешімдердің ашықтығы» бойынша – 21 орынға, «Білім жүйесінің сапасы» бойынша 11 орынға және тағы сол сияқты.
Ел Президенті білім саласына үнемі көңіл бөліп келеді. Әсіресе, соңғы екі жылда болып жатқан білім саласын жаңарту ісіне назары айрықша.
Жоғарыда айтылған жетістіктер – Елбасы қамқорлығының өте маңызды нәтижесі.

2-слайд
Функционалдық сауаттылық бойынша ұлттық жоспардың маңызы ерекше. Жоспардың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
Бұл – дәстүрлі мектеп моделінен рационалды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттау дегенді білдіреді.
Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады.

3-слайд
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмін бөліп қарауға болады.
Бұл механизмдер бойынша белсенді жұмыс атқарып жатырмыз.

4-слайд
Бірінші механизм – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.
Аталған саладағы міндеттер аймақтық және республикалық тамыз конференцияларында кеңінен талқыланды. Оған 20 мыңнан астам педагогикалық қызметкер қатысты. 
Жоспарды іске асыру мен насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар тартылды.
Сондықтан, Министрлік әлемдік тәжірибе негізінде Мемлекеттік білім стандартын жасауға кірісті.
Білім стандартын енгізу кезінде педагогтар қауымы мен жергілікті атқарушы органдар барынша қолдау көрсетеді деп ойлаймын.

5-слайд
Білім мазмұнын да жаңа міндеттерге сәйкес келтіру қажет.
Біз бірқатар бағыттар бойынша алға жылжып келеміз.
Атап айтқанда, педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру, E-learning жүйесі мен оқытудың жаңа технологияларын енгізу және т.б.
Ал, барлық оқулықтарға жасалған талдау тіпті жаңа оқулықтардың өзі ескі әдіснама бойынша жазылғанын көрсетті. Оларды жаңа міндеттерге сәйкес өзгерту қажет. Бұл - қыруар жұмыс.
Авторларды, әдіскерлерді, баспаны және сараптау  жүйесін жаңаша дайындау керек.
Соның негізінде, жеке тұлғаға бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеу қажет.
Сондықтан «Дамытушы оқулықтар» жобасы іске аса бастады.

6, 7-слайд
Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдердің субъектілік рөлін дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды енгізу басталды.
Осы орайда, барлық білім жүйесіне Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін таратудың маңызы зор.
Бұл жұмыс, ең алдымен 35 пилоттық мектептен басталады. Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген оқу бағдарламалары, жоспарлар мен әдістемелер енгізіледі.
Осылайша, біз 12 жылдық оқыту методологиясы мен мазмұнының жаңа негізін саламыз.

8-слайд.
Екінші механизм – оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. 
Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді.
Біз мұндай жүйені әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгіземіз.
Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған.

9-слайд
Функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудың маңызы ерекше. 
Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.
Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. 
Таяу жылдары (2012, 2015 жылдар) PISA,  TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер өтеді.
Бұл зерттеулер – әлемдік білім берудегі біздің позициямызды бағалаудың жауапты кезеңдері болмақ  және де осы шараларға  толық дайындық жүргізіп жатырмыз.

10-слайд 
Функциональдық сауаттылықты дамытудың үшінші  механизмі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. 
Бұл үшін жаңа әдістемені әзірлеуге кірістік. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған  семинарлар мен тренингтер өткізіледі. 
Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылған.  
Жақында Министрлік жанынан Білім беру саласындағы қоғамдастықпен байланыс жөніндегі кеңес құрылды.
Оның құрамына Парламент депутаттары, танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кірді.
Кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Онда ең жауапты мәселелер, оның ішінде функционалдық сауаттылықты дамыту мәселесі талқыланды.
Алдағы уақытта аймақтық деңгейлерде де, мүмкін облыс әкімдерінің жанынан осындай кеңестер ашылады деп үміттенеміз. 
Кеңестер қоғам мен білім саласының өзара байланысын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Бұл – Елбасының тапсырмасын барлық вертикаль бойынша орындауға өте тиімді.  

11-слайд 
Төртінші механизм – қосымша білім беру жүйесін дамыту. 
Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту  қарастырылған. 
Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады.
Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар  мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б. 
Қазірдің өзінде жас техниктер мен натуралистерге және басқа категорияларға арналған балалар танымдық журналдары шығарыла бастады.
Осылардың бәрі –  тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.  
Оқушылардың бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген  қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл жерде аймақтар әкімдерінің қолдауы өте қажет
Өйткені, оқушыларды қосымша біліммен қамту бар болғаны 21%-ды ғана құрайды.  2016 жылы қамтуды 50%-ға жеткізу қажет. 
Осыған байланысты аймақтарда қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша  нақты ұсыныстар әзірленуі тиіс.

12-14-слайдтар.
Жалпы жоспарда 2016 жылға дейін іске асатын 37 іс-шара қарастырылған. 
Олардың 11-і 2012 жылғы 4-тоқсанда басталады. 

15-слайд.
ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Ұлттық жоспарды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру 24,6 млрд. теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен  22,7 млрд. теңгені құрайды.                   

16-слайд.
Ұлттық  жоспарды іске асыру оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев ерекше көңіл бөліп отырған  білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады
Осылайша, әлемдік тренд пен білімге сәйкес келетін мектептің феноменальді моделі негіздерінің бірі қалыптасатын болады.

Назарларыңызға рахмет.

Форма входа

Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz