Пятница, 03.05.2024, 17:11
Приветствую Вас Гость | RSS

Бала - көздің нұры, өмірдің гүлі

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 134
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Портфолио

Портфолио - жетістіктеріміздің жинағы
Портфолио жүргізу технологиясы 
1980-83 жылдары АҚШ- та іске асты. Одан кейін Голландия, Европа, ТМД елдеріне келді. 2003-2004 жж бастап Қазақстандық мектептер эксперимент ретінде бастады. Ресейде лицейлік және гимназиялық сыныптардың 2-сыныбынан бастап қолдануда.  
Портфолио міндеті:
                              • Тіркеу
                              • Жинақтау
                              • Қорытындылау
"Портфолио дегеніміз оқушы немесе мұғалімнің оқып білім алу және басқа да салалардағы жетістіктерін тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және қорытындылайтын жүйе, тәсіл." (Ресей ғалымы - Коджаспирова Галина Михайловна. "Педагогический словарь”. Россия.)
Жаңа формация мұғалімдеріне қойылатын талап бойынша қаңтар айындағы педагогикалық кеңесте төмендегі мәселелелер талқыланып, бекітіледі:
                               •Алдағы оқу жылында портфолионы жүргізетін оқушы, сынып, мұғалімдер саны нақтыланып, бекітіледі
                               •Мектеп әкімшілігі мүшелері арасындағы жұмыс бөлінісі бекітіледі (Директор – бас бақылаушы) 
                               •Әрбір сынып оқушыларымен, ата-аналарымен жүргізілетін оқыту семинар жиналыстарының графигі бекітіледі және сатып алынатын заттар туралы тапсырма беріледі (портфель, жалпы дәптер)
Портфолио және жалпы дәптер (күнделік) бірге жүргізіледі.
Алдағы оқу жылының педкеңесінде, яғни оқу жылының соңында немесе жаңа (келесі) оқу жылының басында :
- барлық сынып жетекшілері, әкімшілік мүшелері қаңтар айындағы алған тапсырмалары бойынша есеп береді;
- жыл қорытындысымен жинақтаған рейтингтік қорытындыға сәйкес марапаттау тізімі талқыланады, бекітіледі, көбейтіледі, таратылады;
- оқушы және мұғалімдер саны қайта нақтыланып, бекітіледі;
(Бастауыш сынып мұғалімдері 2,3,4 сын. бастап эксперимент түрінде жүргізе алады. Мұғалім міндетті түрде курстан өтеді, оқушы портфолиосын өзі жүргізеді).
Портфолионың мақсаты:
білім алушының білім алу немесе еңбек ету жылдары ішіндегі өзіндік өсуін және қоғамдық өмірдегі жан-жақтылығын айқындайтын шығармашылық бейнесін көрсету.
Портфолионың түрлері:
1. Кәсіптік портфолио (дәрігер, агроном…)
2. Лауазымдық портфолио (лауазым иесі)
3. Шығармашылық портфолио(ақын, жазушы)
4. Тақырыптық портфолио (магистрант, ізденуші мұғалім, оқушы ізденісі-ғылыми еңбек)
5. Қызметтік портфолио
6. Студент және оқушы портфолиосы
Портфолио бөлімдері: 
І бөлім – құжаттар, көрсеткіштер бөлімі (100 файл);
ІІ бөлім – жұмыстар, жобалар (400 файл);
ІІІ бөлім – ұсыныстар, пікірлер бөлімі (100 файл), т.б.
Қорытынды:
•оқушылардың білім, білік, дағдыларының ауқымын көрсете отырып, бағалау процесін жеделдету;
•оқу мақсаттарын қолдау;
•белгілі бір уақыт аралығында оқушының өзгерісі мен өсуін тіркеу;
•оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың қатынасын нығайту;
•оқу процестерінің сабақтастығын қамтамасыз ету;
•өздігінен оқуды қолдау;
•оқу мүмкіндіктерін кеңейту;
•оқыту процесін зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту;
•анықталған нәтижелерге орай дамуды айқындау;
•алынған нәтижелерге нұсқау жасау мен бағалауға арналған ортақ тәсілді құрастыру;
•оқушылар өз оқуларын еркін бағалай алатын тәсілмен қамтамасыз ету;
•оқушылардың дамуын біркелкі қолдау мүмкіндіктері. 
Қадірлі әріптестер, өзім оқыған курс материалдарын, портфолио үлгілерін назарларыңызға ұсынамын.
 
Мектеп басшысының портфолиосы:
 
Портфолио секция:
 
 
Мұғалім портфолиосы:
 
 

Форма входа

Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz