Пятница, 03.05.2024, 14:56
Приветствую Вас Гость | RSS

Бала - көздің нұры, өмірдің гүлі

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 134
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Шәкірттердің еңбегі

              Қалалар неге бұлай аталған?
8-сынып оқушысы
Нұрышева Динара. 
    Карта бетіне қарай отырып, біз көптеген қалалр мен жер-су атауларын көретінбіз. Бірақ барлық атаулардың мән-мағынасын біле қоймаймыз.
    Өзімнің ізденістерім нәтижесінде Қазақстан және басқа да елдердің кейбір қалаларының атауларының шығу тарихы туралы мәліметтерді ұсынғалы отырмын.
    Атырау. 1640 жылы Гуревьтер жасырын келіп, Жайық жағасынан ағаш қалашық орнатады. Олардың бұл әрекетін сезіп қалған казак-орыстар, қалмақтар оны жоқ ету қамына кіріседі де, ақырында қалашықты күл-талқан етеді. Қалашықты талқандауды 1643 жылы 24 ақпанда түрікмендерді ерте отырып, қалмақтардың басшысы Батма бастайды. Олар Гуревьтің аулаған балығн, малдарын айдап кетеді. Кейін қайта салынған қалашықты жергілікті халық "Үйшік" деп атап кеткен. Ал қаланың Гурьев болып аталуы 1734 жылдан басталады. Кейіннен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған соң, 1992 жылы қала Атырау деген атауына ие болды.
     Алматы. Атаудың негізгі лексикалық әрі топонимдік мағынасы Ғ.Қойшыбаев, А.Әбдірахманов көрсеткендей, "алмасы көп", "алма көп өскен жер" "алмалы" дегенді білдіреді. Ғ.Қойшыбаев: "Бұл "ты" қосымшасы өз алдына жеке компонент-көне түр, "тау" ұғымын беретін "ту" тұлғасының келе-келе, қазақ тілі базасында  -ту немесе -ты формасын қабылдады. Бұл - заңды құбылыс," - деп тұжырымдайды.
     Ақтау. 1964 жылдан Шевченко аталып келді де, 1992 жылдан тарихи әділдік жеңіп, қайтадан Ақтау аталды. "Ақтау" атауы Каспий теңізі жағасындағы ұлу тастардың үйіндісінен ғасырлар бойы жиналып, сағымдала топталып пайда болған шағаладай аппақ тау жыныстарының түсіне сай қойылған.
     Ақтөбе. Қаланың Ақтөбе аталу себебі алыстан аппақ боп көрінетінақ топырағы, ақ тасы, кварц шығып жатқан биік төбемен байланысты болса керек.
     Ашхабад. Түрікменше ашх - сүйкімді, абад - қала дегенді білдіреді, яғни "сүйкімді қала". 
     Буэнос-Айрес. Испан тілінде таза ауа деген сөз.Лондон-Кельт тілінде "батпақты қорған" немесе батпақтың үстіндегі қала" мағынасында.
     Қостанай. Қостанай сөзінің шығуын белгілі жазушы С.Мұқанов түсіндіреді. "... Қостанай аталатын себебі - қыпшақта Қанқожа, Балқожа дейтін атақты адамдар болған. Олардың шешесі Қостанай деген кемпірдің қала түскен жерде зираты бар. Қалаға соның атын қойған.
     Қызылорда. 1853 жылға дейін Перовск аталған. Совет дәуірі кезінде "қызылдардың астанасы" мағынасында қалыптасқан.
     Москва. Қаланы қақ бөліп жатқан өзеннің атымен аталған. Ал москва сөзінің жалпы мағынасы - "батпақты жер".
     Мурманск. Сам тілінде мур - теңіз, ман - жаға дегенді білдіреді. Яғни Мурманск дегеніміз - "теңіз үстіндегі қала" мағынасында.
     Саратов. Түркінің сары және тау сөздерінің бірігуінен пайда болған. Оның себебі қаланы сары тау қоршап тұр.
     Сайрам. Қала тының бұрынғы тарихи аты - Испиджаб. XI ғасырдың екінші жартысында Испиджаб атауымен қатар атау-Сайрам қоладаныла бастады.
      Э.Мурзаевтың айтуынша: "сайрам - терең емес су" дегенді білдіреді.
     Севастополь. Грекше севастос немесе себастос - тамаша, поль - қала, олай болса "тамаша қала дегенді білдіреді.
      Семей. Бұдан екі ғасыр бұрын Ертіс өзенінің қазіргі Семей қаласы тұрған жағалауына орыс әскерлері келіп, бекініс салуға кірісті. Алғашында жеті палатка орнатып, сонда қоныстанды. Салынған бекіністі Семипалатинск деп атайтын болды. Ертіс бойындағы болашақ ірі қаланың негізі осылай қаланды. Кейіннен қазақтар Семипалатинскіні өз тіліне ыңғайлап, Семей деп атап кетті.
      Симферополь. Украинаға қарасты Қырым облысының орталығы. Грекше сим-бірлесе, феро-апарушы, поль-қала деген мағынаны білдіреді, қазақшалағанымызда "Бірлесе апарушы қала", "Келбеуші қала", кейде "Бақытты қала" деп атайды.
      Смоленск. Өзінің смоласымен аты шыққан қала. Жергілікті тұрғындар смола қайнатып, кемелерді қиын сапарларға дайындап отырған.
      Стокгольм. Швед тілінже "жіңішке жердегі арал" мағынасында.
      Ташкент. Өзбекше таш-тас, кент-қала "Тасты қала" немесе "Тастан қаланған қала" мағынасында.
      Флоренция. Латынша florens-гүлденге, яғни "Гүлденген қала".
      Шымкент. Екі сөздің бірігуінен жасалған сөз. Шым-жасыл, кент-қала дегенді білдіреді, яғни "Жасыл қала".
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Бегман Ысқақов
2.  "Қазақ. энциклопедиясы."  8 том.
3.  "Атырау энциклопедиясы".
 
Форма входа

Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz