Пятница, 03.05.2024, 08:03
Приветствую Вас Гость | RSS

Бала - көздің нұры, өмірдің гүлі

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 134
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Н.Ә Назарбаев лекциясы

 

15.10.09

БОЛАШАҚҚА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ СЕКІРІС

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессорлар мен студенттерге оқыған дәрісі зор мәнге ие болды. Дәрісті арнайы ұйымдастырылған телекөпір арқылы еліміздің барлық жоғары оқу орындарының білімгерлері тыңдады. Республикалық бұқаралық ақпарат беттерінде Елбасы сөзіне үнқосулар жарияланып жатыр.
Бүгін Елбасы дәрісінің толық нұсқасын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Құрметті ректор мырза, профессорлар,
оқытушылар мен студенттер, қонақтар!
Бүгін сіздермен жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Университеттің 75 жылдық мерейтойы құтты болсын.
Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті 75 жыл ішінде талай асу­лар­дан, күрделі кезеңдер мен қилы жолдар­дан өтті. Осы жылдар ішінде мың-мың­даған қазақстандық жастар білім алды, ар­мандарын асқақтатып, қияға қанат қақты.
Ел аузындағы кеше мен бүгінгі айтулы ға­лымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, эко­номика мен мәдениетке қатысты іргелі зерт­теу еңбектерін осы университет қа­быр­ға­сын­да жазып, ел игілігіне айналдырды.
Математика, физика, басқа да жараты­лыс­­тану салалары бойынша ауқымды ғы­лы­­ми жұмыстар осы жерде іске асырылды.
Мен өзімнің сөзімде кейбір ғалымдар­ды, осы істі бастаған азаматтарды атап өт­кім ке­ліп еді, бірақ олар өте көп. Сон­дық­тан бар­лығын бүгінгі мерейтоймен құт­тық­тай­мын.
Ел тағдырына қатысты күрделі кезең­дер­де университет ұжымы аса маңызды та­рихи оқиғаларды да бастан кешірді.
1986 жылғы 16 желтоқсанда елдің ер­кін­дігі үшін, ұлттың теңдігі үшін жан­дарын шү­берекке түйіп, кеңестік жүйеге қарсы шық­қандар да осы оқу орнының оқы­ту­шы­лары мен студенттері болатын.
Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университеті - тәуелсіз Қазақ­станның кадрлар дайындайтын негізгі ор­талығының бірі деуге әбден болады.
Дәл қазірдің өзінде республикамыздың бас­қару жүйесінде отырған білікті ма­ман­дар мен талантты ғалымдардың, дарынды пе­дагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шыққандар.
Университет түлектері байтақ Отаны­мыз­­дың барлық түкпірінде жеңісті де же­міс­ті қызмет етіп жатыр.
Осы жиында бас қосып отырған бә­рі­ңізді, университеттің оқытушылары мен сту­денттерін, сондай-ақ әр жылдарда осы оқу орнында қызмет істеген ұстаздар мен білім алған түлектердің баршасын бүгінгі ме­рейтоймен шын жүректен құттық­таймын!
Еліміздің мүддесі үшін атқарып жат­қан еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.

І. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алдыңғы шебі
Қымбатты достар!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситеті қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Бұдан 75 жыл бұрын ол бар-жоғы шеткі аймақтағы жоо-лардың бірі еді. Алғашқы қабылданған студенттер 50 адам болып, оларды 25 оқытушы оқыт­қан.
Ғасырдың үш ширегінде университет тәуел­сіз елдің жетекші ғылыми және білім беру орталығына айналды.
Мұнда 20 мыңға жуық адам оқиды. Соның ішінде 1000-ға тарта студент алыс және жақын шетелден келгендер.
Студенттерге өздерінің тәжірибесі мен бі­лімін 27 академик, 300 профессор мен док­тор, 800-ден астам ғылым кандидаттары бе­ріп келеді. Қазақстан ғылымының да­муы­на ҚазҰУ-да жұмыс істейтін ғылыми мек­тептер, профессор-оқытушылар ұжы­мы зор үлес қосып отыр.
Үздік студенттерге арнайы тағайын­дал­ған президенттік шәкіртақы төленеді.
2004 жылы менің бастамам бойынша университет кешенін одан әрі дамыту және салу бағдарламасы қабылданды.
Жаңа ғана мен жалпы ауданы 27 мың шар­шы метр, ең жаңа құралдармен жасақ­тал­­ған химия факультетінің жаңа оқу кор­пусын аштым.
Таяудағы уақытта тағы үш факуль­тет­тің - механика-математика, физика және гео­г­рафия факультеттерінің жаңа ғи­ма­рат­тары іске қосылатын болады. 2 мил­лион оқу және ғылыми әдебиет томдарына арналған іргелі кітапхананың құрылысы аяқталып келеді. Тұтастай алғанда таяу­дағы екі жыл­да 100 мың шаршы метрге жуық жаңа алаң­дар салынады.
Университетті 2020 жылға дейінгі да­мы­ту­дың бас жоспарына сәйкес емханасы жә­не стационары бар жастардың ден­сау­лық орталығын, мәдени-тұрмыстық орталық салу көзделуде.
Жаңа нысандар қиын уақытта салынып жат­қаны және сапалы білім мен ғылым­сыз Қа­зақстанның болашағы жоқ екенін тү­сіне оты­рып, мемлекеттің бұл үшін қара­жат тауып отырғаны атап айтарлықтай.
Біз сіздермен алғаш рет кездесіп отыр­ған жоқпыз. Біздің барлық кездесулері­міз­де елімізді дамытудың проблемалары тал­қыланған болатын.
Бүгінде біздің бәрімізді дағдарыстан кейінгі дүние қандай болатыны толған­ды­ра­ды. Берігірек болып, кез келген қиын­дық­тарға төтеп беру үшін, Қазақстанды жаңа биіктерге көтеру үшін біз не істеуі­міз керек? Бұл жөнінде бүгінгі дәрістің аясында әңгіме қозғағым келеді.

ІІ. Әлемдік дағдарыс: себептері мен көздері
ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы аяқ­талып келеді. Ол бүкіл әлем үшін сы­нақ сипатында болды. Ауқымды лаңкестік шабуылдар, Ауғанстандағы, Ирак пен Кав­каздағы соғыс операциялары, Таяу Шы­ғыстағы және Африкадағы жанжал ұш­қын­дары, әлемнің бірқатар елдеріндегі эт­носаралық қақтығыстар - мұның бәрі үшін­ші мыңжылдықтың алғашқы жыл­да­ры­­ның мазасыз беттері.
Жаһандық қаржы-экономикалық дағ­дарыс әлем үшін елеулі сынақ болды. Адам­зат тарихтың шұғыл бұрылыстары­ның се­бебі болған экономикалық құл­дырауларды талай рет бастан кешсе де бұл дағдарыстың ауқымы мен салдарлары бұрын-соңды болған емес.
Тек соңғы жүз жылда оннан астам әр­қилы тереңдіктегі дағдарыстар болды. Бұл - жаһандық соғыстарға соқтырған ХХ ға­сыр­дың басындағы экономикалық күй­зе­лістер де, Кеңес Одағының ыдырауын туындатқан бүкіл социалистік жүйенің 70-80-жылдардағы дағдарысы да, 90-жыл­дардың аяғындағы Азия дағдарысы да әлемдік экономиканы сілкілеп өтті.
Алайда бұл жолғы дағдарыс - жаңа дең­гейдегі құбылыс. Ол бүкіл әлемнің эко­но­микасын қамтып отыр. Әлемдік эко­но­миканың осы жолғы жаһандық дағ­да­рыс салдарынан шеккен зардабының кө­лемі 3,5 триллион долларға бағаланып отыр.
Қазір көптеген сарапшылар, талдама­шы­лар, ғалымдар дағдарыстың туындау себептерін іздестіріп, ең қайран қаларлық болжамдар жасауда.
Бірақ та дағдарыстың негізінде адам­ның мәңгілік кінәраттары - ашқарақтық, иман­сыздық және жауапсыздық жатқанын мойын­дауға батылы жететіндер табыла қоймас.
2007 жылдың аяғында алыпсатарлық мәмілелердің жалпы көлемі 14 триллион доллардан астамды құрады. Ондаған оли­гархтың байлыққа құнуғышылығы мил­лион­дар үшін қасірет болып оралды.
Халықаралық мамандардың бағалауы бойынша, дағдарыспен күреске әлемде қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ доллары жұмсалған.
Қазіргі кезде әлемдік экономикалық ахуалдың біршама жақсарғаны туралы белгілер беріліп жатыр.
Бірақ та, тұтастай алғанда, мынаны ай­ту­ға болады, алдағы кезеңде әлемдегі эко­номикалық ахуал айтарлықтай әлсіз болып, дағ­­дарыстың жаңа толқынының қатері сақ­талады.

ІІІ. Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шаралар
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірін­ші болып жаһандық дағдарыс салдар­лары­мен бетпе-бет келді.
Еліміздің өз қарыздарымен есептесе алмаған жетекші банктерін банкрот­тық­тан дереу құтқаруға тура келді. Арзан ақ­ша­ларды тойымсыздықпен және бақы­лау­сыздықпен қарызға алып, сол арқылы бай­лық таппақ болған біздің банктер қиын жағдайда қалды. Банкирлердің кей­бірі алаяқтар мен ұрылар болып шығып, банк қаражатын меншіктеп алған. Он­дай­лар­мен қазір құқық қорғау органдары айналысуда.
Қазақстанның экспорты жартысына дер­лік қысқарды. Шағын бизнес несиелік қа­ражатсыз қалды. Жүз мыңдаған еңбек­кер­­лер жұмыс орнын жоғалту шегіне жетті.
Осындай жағдайда біздің шешімдері­міз нақты да дер уақытында болды. Қазақ­станда тұрақтандырушы шаралар пакеті қабылданды, Ұлттық қордан қо­сым­ша 10 мил­лиард доллар бөлінді. Мем­ле­кеттің әлеу­меттік міндеттемелері сақ­та­лып қана қойған жоқ, сонымен бірге ұл­ғайтылды, перспек­тива­лы инвестициялық жобалар анықтал­ды.
"Жол картасы" және Өңірлік жұмыс­пен қамту стратегиясы қабылданды.
Бүгінде енді "Жол картасын" және дағ­дарысқа қарсы шаралардың бүкіл кеше­нін іске асырудың алғашқы қорытын­ды­ларын шығаруға болады.
400 мыңға тарта жаңа жұмыс орын­дары ашылды.
200 мыңнан астам адам қайта даяр­лық­тан өтіп, қоғамдық жұмыстарға қаты­су­шы­лар болды. Соның нәтижесінде біз­дегі жұ­мыссыздық деңгейі 6 пайызға дейін төмен­де­ді, ал көптеген елдерде ол еселеп өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым нысандарын жаңғыр­ту жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді.
Денсаулық сақтаудың, білім берудің 1500 дерлік нысаны және әлеуметтік инф­рақұры­лымның басқа да нысандары жөн­делді.
Мың шақырым жол салынып, қайта жарақтандырылды.
Қаражат әрбір ауыл мен селоға дейін жетті, бұрын мұндай болмайтын. Осындай бұрын-соңды болмаған шараларды ел халқы зор ризашылықпен қарсы алды.
Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанын­да шағын және орта бизнес секторындағы өндірістің көлемі 14 пайызға өсті.
Агроөнеркәсіптік кешенге қолдау біл­діру егін жинау науқанын ойдағыдай аяқ­тау­ды, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу­дің көптеген нысандарын салуды қамта­ма­сыз етті.
Астықтың бункерлік салмақтағы жал­пы жиынтығы 22 миллион тоннаға жуықты құра­ды. Бұл - соңғы бес жылдағы екінші ре­кордтық орақ.
Тұтастай алғанда Қазақстанның қар­жы жүйесінің жалпы тұрақтылығына қол жет­кізілді.
Банк жүйесіне қолдау білдіруге 476 мил­лиард теңге бөлінді. Соның өтеміне мем­лекет елдің жетекші банктерінің ірі акци­о­нері­не айналды.
Мемлекеттің қолдау білдіруі арқасын­да алданып қалған 40 мыңнан астам үлес­кердің проблемалары шешілуде.
Тұтастай алғанда ел экономикасына дағ­­­­­дарысқа қарсы мақсаттарда 2,7 трил­лион теңге немесе ІЖӨ-нің 14 пайызы жұм­салды.
Халықаралық валюта қорының бас­қару­шы директоры Доминик Стросс-Кан біздің елімізде болып, былай деп атап өткен еді: "егер барлық шаралар іске асатын болса, онда 2009 жылдың аяғында сіздердің экономика өз проблемаларын еңсере ала­ды". Осындай пікірді көптеген сарапшылар ұста­нады.
Бастысы, дағдарысқа қарсы шаралар қо­­ғамнан қолдау тапты. Мен еліміздің көп­те­ген өңірлерінде болдым. Сонда бар­лық жер­де халықтың қолдауы мен Қазақ­стан­ды дамытудың жаңа алып жоспар­ла­рын орындауға кірісуге әзірлігін сезіндім.
"Нұр Отан" партиясының ХІІ съезінде Қа­зақстанды жедел индустриялық-инно­вация­лық дамыту міндеті қойылды.
Мен инновациялық индустриялан­дыру­­дың жеті басымдығын анықтадым. Олар:
- аграрлық секторды технологиялық қай­та жарақтандыру және кең ауқымда жаңғырту;
- құрылыс индустриясын және құры­лыс материалдары өндірісін дамыту;
- мұнай өңдеуді және мұнай-газ сек­торы­ның инфрақұрылымын дамыту;
- металлургияны және дайын металл өнім­дерін өндіруді дамыту;
- химия, фармацевтика және қорғаныс өнер­кәсібін дамыту;
- "таза" энергетиканы жасауды қоса ал­ған­да энергетика саласын жаңғырту жә­не дамыту;
- көлік және телекоммуникация инф­рақұрылымын дамыту.
Осының нәтижесінде 7 триллион тең­ге­ден астам немесе біздің ұлттық өні­мі­міздің 50 пайызы дерлік көлемінде жылдық қо­сым­ша құн қосымша жасалатын болады.
Бұл - өршіл, қажетті де лайықты мін­дет. Осының арқасында біз қазақстан­дық­тар­дың әл-ауқаты одан әрі жақсаруы үшін жа­ғдай жасаймыз.

ІV. Әлемді дамытудың дағдарыстан кейінгі трендтері
Меніңше, осы дағдарыс бүкіләлемдік та­рих­тың бетбұрыс оқиғасына айналады. Әлем­ді дағдарыстан кейінгі дамытудың мы­надай трендтері барынша айқын болып та­былады.
Бірінші - әлемдік валюта жүйесінің трансформациясы.
Өз көзқарасымды мен бүкіл әлемнің са­рап­шы топтарында айтарлықтай қызы­ғу­шылық туғызған "Дағдарыстан шығу кілті" жә­не "Бесінші жол" атты мақа­ла­ларымда ег­жей-тегжейлі баяндадым.
Жаһандық дағдарыс себептерінің бірі қазіргі әлемдік қаржы жүйесінің ақаулығы болып табылады деп санаймын. Ол соңғы 50 жылда іс жүзінде ауыстырылған жоқ жә­не әлемдік дамудан қалып қойды.
Жаһандық дағдарыстан шығу жаңа қар­жы құралдарына міндетті түрде көшуде екендігіне сенімдімін. Таяудағы болашақ­тың өзінде әлемдік өңірлік валюталардың сапалық жаңа санаты енгізілетін болады.
Мәселен, 2010 жылдың 1 қаңтарынан Америка үшін Боливар Альянсы елдерінің ұлтүстілік электрондық есеп айырысу-төлем бір­лігі - "сукренің" айналымға енгізілуі жос­­­парланған.
Бразилия мен Аргентина МЕРКОСУР ұйы­мы аясында өңірлік валюта құруды ұсы­нуда. АСЕАН елдері өңірлік валюталар се­бетіне байланған валюта бірлігін ұсынады.
Дағдарыстан кейінгі сценарийлердің бі­рі бойынша әлемдік экономика энерге­ти­ка­лық байланыстар мен туризмді ғана сақ­тай отырып, өңіршілдік соққысынан ыды­рап түсуі мүмкін.
Мен сондайлық пессимист емеспін. Ме­ніңше, сайып келгенде, әлем адамзат та­ри­хындағы тұңғыш заңды және жария бі­рың­ғай жаңа әлемдік валютаны жасауға ке­летін болады.
Бұл идея әлемде барған сайын бел­сен­ді та­ралуда. Көптеген саясатшылар, қоғам қай­раткерлері, ғалымдар оған қолдау біл­діруде.
Мысалы, олар - экономика бойынша но­бель­дік лауреаттар Эдмунд Фелпс пен Ро­берт Манделл, мен олармен жуырда Ас­та­на­да әңгімелестім.
Олар - жетекші ресейлік ғалымдар, эко­номистер және басқалары. Бұл мәселе G8 жә­не G20-ны қоса алғанда саммиттер мен форумдардың күн тәртібіне қазірдің өзінде ен­гізілуде.
Мұндай жаһандық проблеманы шешу ин­теллектуалдық күш-жігер мен уақытты та­­лап етеді. Бұл ретте қазіргі валюта жүйе­сі­нің пайдасына үйреніп қалған элиталар­дың зор қарсылығы болады.
Әлемнің таяу уақыттарда осынау кө­кей­­кесті мәселеге бірегей көзқарас қалып­тас­­тыратынына менің сенімім мол. Оның әлем­дегі жаһандық дағдарыстардың жиі­лі­гі мен өткірлігін төмендететіні айдан анық.
Дағдарыс алдындағы екінші тренд - күштерді әлемдік жаңаша орналастыруды қалыптастыру.
Жаһандық басқару дағдарысы қазіргі эко­номикалық сілкіністердің зардап­тары­ның біріне айналып отыр.
Белгілі тарихшы Чарльз Киндлбергер Ұлы депрессия себептеріне талдау жасай отырып, шиеленісті маңызды кезеңде әлем­дік көшбасшылықтың болмауын солардың бірі ретінде атады.
Көптеген факторлар тарихтың бүгінде қайталанып отырғанын көрсетіп отыр. АҚШ пен өзге де ірі мемлекеттерге әлемдегі ық­пал­дылықты жаңа күштердің орталығы­мен бөлісуге тура келеді.
Мынадай дәйек келтірейін. 2001 жылы "Гол­дман сакс" банкінің жетекші эко­но­ми­сі Джим О Нил БРИК атты қысқар­тыл­ған сөзді өзінің талдамалық жазбаларында тұң­ғыш рет қолданды.
Бразилияның, Ресейдің, Үндістанның жә­не Қытайдың басшылары өз ұстаным­да­рымызды үйлестірген жаман болмас еді де­ген ұйғарымға келді. Сөйтіп, 2009 жыл­дың мамырында Екатеринбургте БРИК-тің ал­ғаш­қы саммиті өтті.
Жиырма жылдан кейін БРИК елдерінің жиын­тық ІЖӨ-сі "Үлкен жетілік" елдері­нің жиынтық ІЖӨ-сінен асып түседі деп кү­тілу­де.
2050 жылға қарай экономикалық да­мы­­ған елдердің алғашқы бестігінде Батыс елде­рінен тек АҚШ қана қалады. Оның өзі де - қазіргі дағдарыс кезеңінде тұрақ­ты­лық­тың өзіндік бір аралына айналған Қы­тайдан кейінгі екінші орында.
Үндістан да дағдарыстан салыстырма­лы түрде қолайлы жағдайда өте алады. Ел­дің сыртқы капиталға күшті тәуелділігі жоқ жә­не өзінің даму бағдарламасын жүзеге асыру­да.
Бразилия да дағдарысты сәтті жеңе білу­де. Бразилияның қуатты табиғи және ин­тел­лектуалдық ресурстарға ие, үлкен және ыр­ғақты дамып келе жатқан ел екенін айту қа­жет.
Ресей де дағдарыстан нығайып шығады.
Бейжің Олимпиадасы қарсаңында "Уолл стрит джорнал" газетінде Ұлы­бри­та­нияның экс-премьер-министрі Тони Блэр­дің мақаласы жарық көрді. Онда "Бір­не­­ше ғасырлар бойы күштер Батыста шо­ғыр­­ланды... Енді бізге ықпалдылықты Шы­ғыс­пен бөлісетін әлемде өмір сүру жағ­дай­ларымен келісуге тура келеді" деген қо­ры­тынды жасалған. Осынау саясаткердің пі­кірін­ше, бұл тәжірибе Батыс үшін бей­таныс, тіпті өкінішті де болмақ.
Осылайша, дағдарыс әлемдік эконо­ми­каның трансформациялану үдерісін ай­тарлықтай тездетті.
Дегенмен саясат болмаған жерде эко­но­мика тек ғылым ғана болар еді. Сон­дық­тан бұл үдеріс әлемдегі шынайы гео­сая­си көп­түрліліктің қалыптасуымен қоса қабат жүре­тін болады.
Дағдарыс алдындағы әлемнің үшінші трен­ді - экономикада энергия үнемдеуге көшу.
Бүгінде неғұрлым дамыған елдер қауіп­сіз, таза және сарқылмайтын дамуға көшу мін­детін қойып отыр.
Америка президенті Барак Обама айт­қан­­дай, "ХХІ ғасырда таза энергия өндіру­де әлемдік көшбасшылыққа жеткен ел, ХХІ ға­сырдағы жаһандық экономикада да көш­бас­шы болады". Бұл айтылғанмен келіспеу қиын.
Бұл орайда балама, төмен көміртекті энер­­гетика перспекивалы бағыт болып та­бы­­лады. Бүгінде әлемде көмірқышқыл га­зын отынға және мұнай-химия өнім­де­рі­не айналдыру жөніндегі жобалар бел­сен­ді тал­дануда. Таяу уақыттарда шыға­рын­дылары нөлге тең электр станса­лары­ның пайда болатынына сенімім мол.
"Сутегі энергетикасын" дамытуда да зерт­теулер жүргізілуде. Оңтүстік Корея қа­зірдің өзінде "Сутегі экономикасына" көшу жос­парын жүзеге асыруда және 2040 жылға қа­рай ІЖӨ-нің 8 пайыз өнімін сутегінен өн­діруді жоспарлап отыр. Үндістанда, АҚШ пен ОАР-да да белсенді жұмыстар жүр­гі­зілу­де.
Күн, жел, геотермальды, гидроэнергия жә­не биомасса сияқты энергияның қайта қал­пына келетін көздері отынның дәстүрлі түр­леріне қатысты барған сайын құнды бәсекелестік қабілетке ие болуда.
Бірақ сонымен бірге көмірсутегі энер­гия тұтынудың жалпы құрылымында әлі де же­текші рөл атқара беретін болады. Сон­дық­тан әлем өндіріске инновациялық тех­но­логиялар енгізуде, мұнай мен газ өндіру мен пайдаланудың экологиялық зардап­т­а­рын қысқартуда неғұрлым белсенді іс-қи­мыл­дар күтіп отыр.
Осы технологиялардың бәрі әрбір жеке адам үшін нені білдіреді?
Ең алдымен, біз көп ұзамай энергия үнем­­дейтін өмір салтына көшетін боламыз. Біз болсақ елде әлі электр энергиясын, жы­л­у­ды, суды және басқаларды шындап үнем­деу­ге әлі көшкен де жоқпыз. Мұны таяу уа­қыт­тарда жүзеге асыруға тура келеді.
Энергияның арзан көздері келмеске ке­туде. Болашақта күн батареялары, энер­гия үнемдейтін шамдар, сутегі отынымен жүре­тін автомобильдер, электромобильдер пай­даланылатын болады. Сондықтан ком­па­ниялар мен кәсіпорындардың барлық бас­шылары, елдің барлық азаматтары осы ағым­ды ескеріп, энергияны қалай сақ­тауға бо­латындығы жөнінде ойланулары керек.
Энергия үнемдеудің өсуі әлемдік эко­но­микада энергия сыйымдылығының тө­мен­деуіне, ал оның соңы оның дамуы мен тұрақ­тылығына апаратын болады.
Дағдарыс алдындағы әлемнің төртінші үрдісі - экономикадағы мемле­кеттің рөлі мен маңызының артуы.
Қазіргі дағдарыс көптеген адамдарды экономикадағы мемлекеттің рөлі туралы ойлануға мәжбүрледі.
Францияның бұрынғы премьер-ми­нистрі Лионел Жоспен енгізген "химия­лық таза капитализм" термині балағат сөзге айналды.
Кейнстің беделі өсіп шықты, эконо­мис­тер оның "Жалпы теориясының" ескі даналарын сөреден қайтадан алуда. Карл Маркс қайтадан оқылуда. Тіпті ықпалды "Ньюсуик" апталығының өзі "біздің бәрі­міз де енді социалистерміз" дегенді өз бет­терінде жазып жатыр.
Еш жерде және ешқашанда мемлекеттің ше­шуші түрде араласуынсыз модерниза­ция­­ның болмағандығын тарих та растап отыр. Дағдарыс оны тағы да дәлелдеді.
Нарық экономикасы, меншікті қорғау және шағын бизнесті дамыту біздің эко­номикамыздың негізі болып қала береді.
Бірақ дағдарыс қарсаңындағы кезеңде мем­лекеттің рөлі өнеркәсіптен бастап әлеу­мет­тік салаға дейінгі салалардың бәрін­де де күшейетін болады.
Сол арқылы мемлекеттік басқарудың са­­пасына және мемлекеттік функция­лар­ды жүзеге асыратын адамдарға қатысты та­лап­тар өсе түседі.
Неғұрлым кеңірек мағынада алғанда бұл, яғни бүтіндей алғанда адами капи­тал­дың сапасына талапты күшейту - дағ­да­рыс алдындағы әлем дамуының бесінші тренді.
Адами капиталға айтарлықтай инвес­ти­циялар салмайынша ешқандай эко­но­ми­ка табысты дами алмайды. 1943 жыл­дың өзінд­е-ақ "ақыл империясы болашақ им­перия­сы болмақ" деген болатын Уинстон Черчилль.
Оңтүстік-Шығыс Азия тәжірибесі көр­сетіп отырғандай, адами капиталды да­мыту саласындағы кейін қалушылықты қысқа мерзімде жоюға болады. Бүгінде бәсекеге ең қабілетті деген әлемнің 25 ақ­параттық ком­панияларының 14-і Азияда орналас­қан.
Бүгінде жоғары бәсекелестік басым­дық­­тары жоқ елдер таяу болашақта ғылы­ми зерттеулер, инновациялық және жоғары тех­нологиялар рыногында табысты бәс­е­келестікке түсе алмайды.
Осылайша, әр азаматтың денсаулығы, ин­теллектісі және білімі қаншалықты са­па­­лы болса, мемлекеттің әлемдік қоғам­дас­тық жүйесіндегі жоғары бәсекелестікке қабілеті де соншалықты болмақ.
Мен дағдарыс қарсаңындағы әлем да­м­­уының тек айқын деген тренділерін ғана атап көрсеттім.
Өмір сан-салалы және күрделі, сон­дық­тан біз өзімізді күтіп тұрған жайт­тар­дың бә­рі­не де дайын болуымыз керек.
Біздердің қандай шара қабылдауымыз қа­жет?

V. Интеллектуалды ұлт
Қазақстанның алдында экономиканы жеделдете модернизациялау, шикізаттық экономикадан индустриялық экономикаға көшу міндеті тұр.
Қазіргі уақытта республикалық маңыз­дағы инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру аяқталып келеді.
Олар барлығы жалпы сомасы 7,5 мил­лион теңге болатын 97 жоба. Оның ішінде 380 миллиард теңгені құрайтын 26 жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жос­пар­ла­нып отыр. Олар - жаңа кәсіпорындар, білім беру мен денсаулық сақтау саласы­ның жаңа нысандары.
Біз дамыған елдерден озық техноло­гия­ларды тартып, бірлескен өндірістер құ­рудамыз, инновациялық жобаларға қолдау көрсетілуде. Бірақ егер біз экономикасы тұрақты дамыған елдер клубына өтеміз десек, бұл жеткіліксіз. Оның сыртында аса озық технологияларын бізге ешкім де әншейін бере салмайды.
Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуе­тін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет.
Өкінішке қарай, өмір сүру үшін қара­жат керек. Бірақ Артур Шопенгауэр айт­қан­дай, үлкен дәулет пен билік адамды ба­қытты ете алмайды. Ондай адамдардың әр­қайсысында да "өзіне тән қам-қарекеті мен мұқтаждары бар кедей жасырынып жатыр".
Біздің ендігі міндет - қазақстан­дық­тардың, бірінші кезекте жастардың білім­ділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту.
АҚШ пен Еуропада Нобель сыйлығын алған ғалымдарды тек еңбегі мен ашқан жаңалықтары үшін ғана құрметтемейді. Олар барша үшін де үлгі болып саналады. Олардың үлгісін жастарға өнегелеп, сол арқылы күш-жігердің, еңбек пен талант­тың әркезде де табысқа бастайтынын көрсетеді.
Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қа­жет, бізге халықаралық деңгейде бәсе­ке­ге түсе алатын эрудициялы адамдар керек.
"Болашақшылармен" кездесіп, "Ин­тел­лектуалды ұлт - 2020" жобасын ұсын­ған­да мен осындай мақсаттарды көздедім.
Жоба негізінде үш аспекті бар.
Бірінші. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі серпіліс.
Бүгінде білім беру үдерісіне мүмкінді­гін­ше кеңірек қарауға болады. Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре бі­луге үйрету қажет. Бұл - ЮНЕСКО қа­лып­­тастырған "білім берудің төрт тағаны".
Ұзақ жылдар бойы біздегі білім беру­дегі басты проблема ақпараттарға қол жет­кізу болды. Кітап күткен ұзыннан-ұзақ ке­зек­тер, мыңдаған беттік конспектілер, бір кі­тап­ты бірнеше адамның жабыла оқуы сияқ­ты жайттар аға буынның әлі де есінде.
Бүгінде жағдай басқаша. Сарапшылар бар­лық кездерде жазылған кітаптарға қара­ға­нда, ақпараттардың 2006 жылы жаһандық ау­қымда 3 миллион есе көп шығарылғанын есеп­теп шыққан. Баспа түрінде ол Жерден Күн­ге дейінгі биіктіктегі 12 үйме кітап. Бол­жам бойынша 2010 жылы ақпараттың бұл кө­лемі тағы да алты есе ұлғаймақ. Ақпарат­тың мұндай көлемінде жоғалып кетуге де бо­лады.
Сондықтан қазіргі заманғы білім беру­дің перспективалық міндеті - ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағ­дар ала білуге қабілетті адамдарды даяр­лау.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ісі бастапқы интеллектуалдық әлеует пен жас қазақстандықтардың жақсы ден­сау­­лығын қалыптастыра білуі керек. Олар те­рең ақылымен, шексіз қызығу­шы­лы­ғы­мен жә­не өмірлік күш-қуатымен ерек­шеленуге тиіс.
Орта білім белсенді, білімді және та­быс­тарға бағдарланған тұлғаларды тәр­бие­леуге жауап береді. Оқушылар "ешқашан бас­тау­ды тоқтатпа, ешқашан тоқтауды бас­тама" де­ген ақиқаттан адаспаулары тиіс.
Осы жылы менің тапсырмам бойынша Ас­тана мен Семейде интелл

Форма входа

Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz